Бағыңа мені жетелер едің,
Өзеннің асау ағыны сынды.
Өткенге тастап кете беремін
Өзіңе деген сағынышымды.
Арналар саған әндерім дәйім,
Бәріңе мұңды қалай айтайын?
Алдыңда сенің таза болайын,
Мазаламайын.
Сырларын айтып сарғайған күзге
Сағынсаң ізде, үмітіңді үзбе.